🎂 Үгітілмелі қамырмен ақуызды торт 🎂
✅ ҚҰРАМЫ:
✅ Қамырына:
🌸 Жұмыртқаның сарыуызы 4 - дана
🌸 Шекер - 1 стақан
🌸 Сары май немесе маргарин - 200 гр.
🌸 Ұн - 2 стақан
🌸 Қопсытқыш- 10 гр.
✅ Ақуызды бөлігіне:
🌸 Жұмыртқаның ақуызы - 4 дана
🌸 Шекер - 0,5 стақан
🌸 Грек жаңғақтары 200-300 гр.
✅ Креміне:
🌸 Сары май - 300 гр.
🌸 Қойылтылған сүт (сгущенка) 1 құты(банка)
🌸 Ванилин - 1 гр.
✅ Безендіруге:
🌸 Грек жаңғақтары
🌸 Кокос жоңқасы(стружки)
🍰 1. Бірінші кезекте үгітілмелі қамыр дайындаймыз. Ол үшін үгітілмелі қамырларға арналған арнайы май қолдансаңыз, қамырыңыз жақсы шығады. Ал таба алмаған жағдайда сапасы жоғары сары май қолданыңыз.
Ыдысымызға жұмыртқаның сарыуызын(4 дана), шекер(1 стақан) салып араластырып, майымызды(200гр.) отқа қойып, ерітіп, сарыуыз бен шекерімізге құйып, қопсытқыш(10гр.), ұн(2 стақан) салып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамыр қолыңызға жабысып тұрса, тағы да аздап салуға болады. Иленген қамырды шамамен 20 минутқа тоңазытқышқа қойып, иін қандырамыз.
Иі қанған қамырды бірдей 6 бөлікке бөлеміз.
🍰 2. Сарыуыздан бөліп алған ақуыздарымызды(4 дана) құрғақ ыдысқа салып, миксермен араластыра бастаймыз. Көпіре бастағаннан кейін, шетінен шекерімізді(0,5 стақан) салып отырып, үлпілдеп, өз пішінін
🍰 3. Қамырымызды диаметрі 24 см болатындай жайып, қамырдың бетіне үлпелдеп тұрған ақуызымызды жағып, оның бетіне ұсақталған грек жаңғақтарын сеуіп, 200 дәрежеде 10-15 минуттай пісіреміз. Дәл осылай барлық 6 бөлікті жеке-жеке пісіріп, салқындағанша күтеміз.
🍰 4. Крем үшін бөлме температурасында еріп тұрған майды миксермен үлпілдегенше араластырып, шетінен бөлме температурасында тұрған қойылтылған сүт құйып отырып, араластырамыз. Ванилин қосып, біркелкі үлпілдек крем шыққанша араластырамыз. Дайын кремді әр бөліктің араларына жағып, қалған креммен бетін, жан-жағын қаптап, шеттеріне үгітілген жаңғақтар сеуіп шығамыз. Жалпы сыртын өзіңіздің қалауыңызша әсемдеуге болады. Дайын торт 1 түн немесе 5-6 сағат тоңазытқышта тұруы тиіс! Солай дәмдірек болады.
Ас болсын!🌷